Жаңалықтар

Бишімбаев өмір бойына сотталуы мүмкін бе?

Адвокат Жанна Оразбақованың айтуынша Бишімбаев өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыздықпен өлтірді деп айыпталып жатқан бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтің соты аяқталуға жақын, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Алқа билердің экс- министрге қанша жыл жаза кесетіні әзірге жұмбақ.

Алайда зардап шеккен тараптың адвокаты Жанна Оразбақова Бишімбаевтың өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін алға тартады. 

"Заңда ауыр қылмыс жасаған қылмыскер егер екінші рет қылмыс жасаса, онда оған өмір бойы түрмеге қамау жазасы кесіледі. Өздеріңіз білесіздер, Бишімбаев бұған дейін ірі көлемде пара алды деген айыппен сотталған. Сол себепті, Бишімбаевтің өмір бойына сотталуы ғажап емес", -деді қорғаушы. 

Жанна Оразбақованың сөзінше, Бишімбаев осы критерийді ескеріп, әдейі алқа билерді таңдаған. 

"Егер сотта он алқа бидің біреуі Бишімбаевтің пайдасына дауыс берсе, онда оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілмейді. Ол кемінде 15 жыл жаза арқалауы мүмкін болады, -деді ол.