дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бишімбаев Нүкенованы соққыға жығып, артынша қылқындырған

Бишімбаев Нүкенованы соққыға жығып, артынша қылқындырған
коллаж jambylinfo.kz.
Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасуда. Бүгін сот залына сот медициналық сарапшысы Тахир Халиназаров келіп, Нүкенованың мәйітіне жасалған сараптама жұмысымен таныстырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Тахир Халимназаров марқұмның бет-жүзінде болған зақымдарды манекенге салып көрсетіп, Нүкенованың басынан алған соққылары өлімге әкеп соққанын айтты.

«Шынында сау, ояу адам басынан мұндай  ауыр жарақат алуы мүмкін емес. Тіпті, кездейсоқ құлап кетсе де, ол міндетті түрде басын қорғап құлайтыны сөзсіз. Егер адам биіктен құлап кетсе, онда басын қорғай алмайды. Ал жерде тұрған адам басын жерге ұрып-соғып, дәл мұндай зақым ала алмайды, - деді сарапшы.

Судья Айжан Көлбаева сот медициналық сарапшысы Тахир Халимназаровқа бірнеше сұрақ қойды. Соның бірі: «Айтыңызшы, сараптама қортындысында Бишімбаев Нүкенованы  қылқындырған белгілер анықталды ма?” деп сұрады.

Бұл сұраққа сот сарапшысы «Иә, соққылардан кейін қылқындыру белгілері бар”,- деп жауап берді Тахир Халиназаров.

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар