дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 21:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бишімбаев отбасылық жанжал неден басталғанын айтты

Бишімбаев отбасылық жанжал неден басталғанын айтты
коллаж jambylinfo.kz.
Астанада әйелін ұрып өлтірді деп айыпталып жатқан бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі онлайн форматта жалғасып жатыр. Сотта Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкеновамен отбасылық жанжал неден басталғанын мәлімдеді,-деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бишімбаев сотта марқұм әйелі туралы және екеуінің қарым-қатынасы жайында баяндады.

«Маған Салтанатпен өмір сүру оңай болған жоқ. Ол көп жағдайда агрессия танытып, ашуланып жүретін. Сіздер айқандай, ол менен 8 рет емес, 12 рет бөлек кеткен. Қит етсе бірден Павлодарға кетіп қалатын. Тіпті, ол менің көзіме шөп салған. Ол адамның толық аты-жөнін айта алмаймын, тек есімі Райымбек екенін айта аламын, -деді ол.   

Сондай-ақ, Қуандық Бишімбаев қайын ағасы Айтбектің кезекті бір жанжалда өзіне пышақ ала жүгіргенін және алдыңғы соттағы марқұм Салтанат Нүкенованың бет-аузы көгерген фотосы монтаждалғанын айтты.

 Қуандық Бишімбаевтің соты Жоғарғы соттың YouTube арнасындағы тікелей эфирде әлі өтіп жатыр.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар