Бишімбаев соты: Нүкенова жедел жәрдем келгенше көз жұмған
- авторjambylinfo.kz
- 8 сәуір, 2024
- 821
Нұрлан Мұхамединовтің айтуынша, вип-залға кіргенде диванда үстіне көрпе жабылған киімсіз Салтанат Нүкенованы көрген.
«Диванда тыр-жалаңаш әйел жатты. Біз дереу тексеруге кірістік. Еденге жатқызып, бірден реанимациялық шараларды бастадық. Осы кезде екі адам сөйлесіп тұр екен, мен олардың араласпай, сыртқа шығуын өтіндім. Олар Бишімбаев пен Байжанов болды, сыртқа шықты. Мен жүрек реанимациясын бастадым. Көмекші жабдықты қосуды сұрады. Науқас ес-түссіз жатты, тамыр соғысы сезілмеді, - деді ол.
Медицина қызметкері марқұм Нүкенованың денесінде көрген дене жарақаттарын тізіп, содан кейін ол 102 нөміріне қоңырау шалып, қайтыс болған адамның денесіндегі дене жарақаты және қылмыстық іс бойынша күдік туралы хабарлаған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз