жұма, 22 қараша, 2024 19:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бишімбаевтар әулетінің байлығы: Қуандықтың ата-анасы «қарапайым зейнеткер» ме

Бишімбаевтар әулетінің байлығы: Қуандықтың ата-анасы «қарапайым зейнеткер» ме
Әлмира Нұрлыбекова. фото - Жоғарғы соттың баспасөз қызметі
Әйелін аяусыз ұрып өлтірді деген күдікпен сотталып жатқан бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың әулеті ұлының жазасын жеңілдету үшін блогерлер мен журналистер жалдады деген ақпарат тараған. Бірақ Бишімбаевтар әулеті ондай ақшамыз жоқ, қарапайым зейнеткерміз деп ақталған еді. Бірақ, Malim.kz сайты жариялаған Жас Алаштың зерттеуінде Бишімбаевтар әулетіндегі бизнесмен Қуандық Бишімбаевтың анасы  Әлмира Нұрлыбекова  6 компанияның құрылтайшысы, тағы 2 компанияның құрылтайшысы екендігі анықталған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қуандық Бишімбаевтың анасы құрылтайшы компаниялар:

Шымкентте тіркелген "Техникалык лицей". Жылдық айналымы - 2 млрд теңге.

 Астанада тіркелген Alawwal Partners LTD компаниясы. Жылдық айналымы - 57 млн теңге

 Астанада тіркелген Success ABN компаниясы. Жылдық айналымы - 100 млн теңге

Түркістан облысында тіркелген Наубет-ІІ компаниясы,

Шымкентте тіркелген Оңтустік Қазақстан сапа ұйымы жане Немецкий дом компаниялары. Бұл компаниялардың жылдық айналымы жайлы ақпарат жоқ.

Одан бөлек, Әлмира Нұрлыбекова Ezy Park компаниясының құрылтайшысы болған, бірақ, Салтанат Нүкенованың өлімінен кейін компания құрылтайшылары тізімінен шығып қалған. Бұл компанияның жылдық айналымы - 1,9 млрд теңге.

Sapa Logistics компаниясының да құрылтайшысы болған, бірақ 2024 жылдан бастап құрылтай мүшелігінен шығып калған. Бұл компанияның жылдық айналымы 7,8 млрд теңге. Айтпақшы, Шымкент қаласындағы New Astana сауда орталығының ғимараты Элмира Нұрлыбекованың атына тіркелген.

Уәлихан Бишімбаев. Фото - ашық дереккөзден

Ал әулет басшысы Уәлихан Бишімбаев - жылдар бойы әртурлі жоғары оқу орындарында ректор болған, Мемлекеттік сыйлыктың лауреаты, бірнеше облыстың меслихатында, тіпті мәжілісте де депутат болған елге танымал ұстаз. Оның атында ешқандай бизнес тіркелмеген.

Сотта Қуандық Бишімбаев айына 15 млн теңгеге дейін табыс табамын деді. Ол ресми түрде бір мекемеде жумыс істейтінін, ол жерден 1 млн тенге айлық алатынын айтты. Өзіне тиесілі BAU мейрамханасы оған айына 8-15 млн теңге аралығында табыс әкелген екен.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар