дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов судья Құлбаеваға тағы да шүйлікті

Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов судья Құлбаеваға тағы да шүйлікті
Фото: коллаж kursiv.media
Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бүгін Бишімбаевтің адвокаты Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Құлбаеваға тағы да шүйлікті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ғазымжанов 11 сәуірдегі  сот процесінде судьямен сөзге келіп, судьяны ауыстыруды талап еткен болатын. Алайда қорғау тарапының бұл өтініші қабылданбады

Адвокат Ғазымжанов бүгінгі сот процесінде де Айжан Құлбаева қорғау тарапын үнемі тоқтатынын, сотталушының сөйлеуіне, сұрақ қоюға мүмкіндік бермейтінін алға тартты.

 «Мен төрағалық етуші судьяға тағы да қарсылық білдіремін. Сіз қорғау тарапын ылғи тоқтатасыз. Сотталушының сөйлеуіне жол, сұрақ қоюға мүмкіндік бермейсіз. Бұл біржақты процес сияқты сезінеміз. Қорғау тарапы өтінішхат жолдайтын кезде процесті бөліп, сотталушыдан жауап алуға көшіп жатырсыз. Оған қарсылық білдіремін, біздің құқығымызды шектеп жатырсыз», деді ол.

Ал судья Құлбаева қорғау тарапының қарсылығын негізсіз санайды.

«Жауап алу аяқталған жоқ. Қорғау тарапына Байжановтан жауап алу аяқталған соң өтінішхат жолдауға құқылы екені түсіндірілді. Алайда соған қарамастан қорғау тарапы негізсіз қарсылық білдіріп, алқабилерді шатастыруға тырысып жатыр, - деді судья Құлбаева.

Сондай-ақ  судья қорғаушы Ғазымжановқа қатысты сот отырысы барысында сотты бірнеше рет құрметтемегені үшін жеке қаулы шығару туралы мәселе талқыланатынын айтты.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар