бейсенбі, 10 сәуір, 2025 20:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бишімбаевтың әкесі Таразда университет аша ма?: Ғылым және жоғарғы білім министрлігі жауап берді

Бишімбаевтың әкесі Таразда университет аша ма?: Ғылым және жоғарғы білім министрлігі жауап берді
КазТАГ
Бүгін әлеуметтік желілер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Қуандық Бишімбаевтың әкесі, белгілі қоғам және ғылым қайраткері Уәлихан Бишімбаев Таразда университет ашады деген қауесет тарады.

Алайда, қазіргі уақытта бұл ақпарат ресми түрде расталмаған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл оқу орнының лицензия алмай білім беру қызметін көрсету мүмкін емес екенін айтты.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, министрлік Bishimbayev University оқу орнының білім беру қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алуы мүмкіндігін жоққа шығарады, сондай-ақ “е-лицензиялау” ақпараттық жүйесінде ешқандай өтінім тіркелмегенін хабарлайды.

Уәлихан Бишімбаев соңғы уақытта ұлы Қуандық Бишімбаевқа қатысты оқиғалармен байланысты жаңалықтарда жиі аталды. Мәселен, ол ұлының ісіне қатысты мәлімдеме жасап, оның жасаған ісіне сай әділ жазасын алуы керектігін айтты және бұл мәселеде ешкімнің алдына бармайтынын, ешкімнің есігін қақпайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Уәлихан Бишімбаев кейбір журналистер мен блогерлердің үстінен Ішкі істер министрлігіне арыз жазғаны туралы ақпарат бар. Ол бұл әрекетін ұлы мен отбасына қатысты жалған ақпарат таратуымен түсіндірді.

Қазіргі уақытта Уәлихан Бишімбаевтың атына университет ашу туралы ресми ақпарат жоқ. Сондықтан бұл мәліметті расталмаған қауесет ретінде қарастыру қажет.

 

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар