Биыл 4,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Биыл 4,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Олардың 52,4%-ы Өзбекстаннан, 19,3%-ы Қытайдан, 6,3%-ы Түрікменстаннан, 5,3%-ы Моңғолиядан, 13%-ы Ресейден, 3,7%-ы басқа елдерден келген. Қандастар негізінен Алматы (27,9%), Маңғыстау (13,9%), Түркістан (6,8%) және Жамбыл (5%) облыстарына, сондай-ақ сондай-ақ Алматы (9%), Астана (11%), Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 111,1 мың этникалық қазақ оралған.