Жаңалықтар

Биыл 523 білім беру нысанының өртке қарсы жағдайына профилактикалық бақылау жүргізілген

Биыл 523 білім беру нысанының өртке қарсы жағдайына профилактикалық бақылау жүргізілген

Мемлекет басшысы өз Жолдауында 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есеге өскенін және «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын таныстырған болатын. Яғни президентіміз білім саласын, әсіресе балалардың сабаққа түгел баруын,  білім беру нысандарындағы қауіпсіздікті жіті қадағалайды. Мәселен облыс бойынша 1104 білім беру нысандары есепке алынған, оның 581 шағын кәсіпкерлік субъектілері екен. Ағымдағы жылы 523 білім беру нысанының өртке қарсы жағдайына ақпан-мамыр аралығында профилактикалық бақылау жүргізілген, нәтижесінде 5 мынан астам өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығы анықталған және оларды жою үшін білім беру ұйымдары басшыларына ұйғарымдама берілді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 826-бабын, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 26-бабын басшылыққа ала отырып білім беру басқармасына анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыну енігізлді. Қазіргі таңда алдыңғы берліген ұйғарымдамаға сәйкес 65 бақылаулық жоспардан тыс тексеру жүргізілді, нәтижесінде 60 білім беру объектілерінде алдыңғы берілген ұйғарымдаманы орындамағаны үшін әкімшілік материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен білім беру ұйымдары заңды тұлға ретінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 112 млн. 465 мың теңге айыппұл салынды және 5 білім беру ұйымдарының жұмысы 30 тәулікке тоқтатылды. Жалпы атқырылған жұмыс нәтижесінде облыстық және аудандық бюджеттен білім беру ұйымдарын өртке қарсы жағдайға келтіру үшін 250 млн. 680 мың теңге қаржы бөлінді. Атап айтқанда, Байзақ ауданы білім бөліміне қарасты 44 білім беру ұйымына 633,0 мың теңге, Жамбыл ауданы білім бөліміне қарасты 39 білім беру мекемесіне 92 млн. 200 мың теңге, Жуалы ауданы білім бөліміне қарасты 35 мектептің сыртқы баспалдақтарына сынама жасауға 1 млн. 500 мың теңгеге және өртке қарсы дабыл қаққыштарға техникалық қызмет көрсетуге 1 млн. 785 мың теңге, мектеп шатырын өртке қарсы өңдеуге 1 млн. 500 мың теңге бөлінді. Мектептен тыс 4 мекемеге және 1 психологиялық-педогогикалық түзету кабинетіне өртке қарсы дабыл қаққыштарға техникалық қызмет көрсетуге 178,0 мың теңгеге және мектеп шатырын өртке қарсы өңдеуге 178,0 мың теңгеге жұмыстар жүргізілді, Қордай ауданы білім бөлімінің 50 білім беру нысанына 3 млн 220 мың 953 теңге, Т.Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты 38 мектеп, 14 балабақша, 5 қосымша білім беру ұйымдарына 9 млн. 580 мың, Сарысу ауданы білім бөліміне қарасты 27 мектеп, 5 қосымша білім беру ұйымдарына 32 млн. 639 мың теңге, Талас ауданы 230 мың теңге, Шу ауданы білім бөліміне қарасты 45 мектептің өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау үшін қала мектептеріне 43 млн. теңге, Тараз қаласы бойынша мектептерге өрт сөндіргіш құралдарын сатып алуға 152,0 мың теңге, өрт сөндіргіш құралдарын қайта толтыруға 5 млн. 525 мың теңге, мектеп ғимараттарының шатырларын өртке қарсы арнайы қоспамен өңдеуге үшін 8 млн. 816 мың теңге бөлінді. Білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқушыларға практикалық дағдыларды үйрету мақсатында білім беру объектілерінде Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда оқу орындарының ғимаратынан қауіпсіз эвакуациялау бойынша 72 мыңнан астам оқушыны және 15 мың педагогикалық құрамды қамти отырып, 613 түрлі жаттығулар өткізілді, оның ішінде 96 авариялық жағдайлар бойынша жаттығулар (оның ішінде өрт кезіндегі іс-қимылдар бойынша), 412 сейсмикалық жаттығулар, 71 селжаттығулары және 34 қауіпсіз орынға көшіру жаттығулары. Сонымен қатар, облыстың 346 оқу орнында 16182 оқушыны қамти отырып, 290 интерактивті сабақ өткізілді, 8682 оқушыны қамти отырып, 280 ашық сабақ ұйымдастырылды. Мектепке дейінгі мекемелерде өртке қарсы тақырыпта 1085 баланы қамти отырып, 65 конкурс пен викторина өткізілді, 865 оқушыны қамти отырып, өрт сөндіру бөлімдеріне 25 экскурсия ұйымдастырылды. Өрт сөндіру бөлімдерінде «Ашық есік күні» тақырыбында 133 іс-шара ұйымдастырылып, оған 1414 бала қатысты. Барлық мектептерде онлайн режимде 50 мыңнан астам ата-ананы қамти отырып, өрт қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша бейнероликтерді көрсетумен ата-аналар жиналысы өткізілді. Сонымен қатар, білім басқармасы бассейндер мен жағажайлардың басшыларымен балаларды жүзуге үйрету бойынша 9 меморандум жасалды. Жазғы шомылу маусымында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 105 су айдындарында демалу және шомылуға қауіпті, жабдықталмаған учаскелерінде «Қауіпті аймақ», «Шомылуға тиым салынады!» және т.б. тақырыпта 132 ескерту тақтайшалары (тыйым салатын белгілер) мен 180 ақпараттық стендтер орнатылды. Білім беру ұйымдарында төтенше жағдайлардың алдын алуға байланысты 56-дөңгелек үстел, 10-семинар-практикум, 85-кездесу, 72-ашық сабақтар мен 14-пікір-сайыстар, барлығы 237 іс-шара ұйымдастырылды, адамдар көп жиналатын объектілерде 4 флешмоб өткізілді.