Жаңалықтар

 Биыл қаңтар-наурыз аралығында елімізге 227,7 мың шетелдік турист келген

 Биыл қаңтар-наурыз аралығында елімізге 227,7 мың шетелдік турист келген

Биылғы қаңтар-наурыз аралығында елімізге 227,7 мың шетелдік турист келген, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұл өткен жылмен салыстырғанда 130 мың адамға немесе 2,3 есе көп. Былтыр Қазақстанға 97 мың шетелдік келген. Алғашқы тоқсанда ішкі туристер саны да 20% артқан. Қаңтар-наурыз аралығында 1 млн 348 мың қазақстандық ел ішінде саяхаттаған. «Былтыр елімізге 1 миллионға жуық шетелдік турист келді. Биыл бұл көрсеткіш 1,4 миллионға дейін артады деп күтілуде. Бұл шетелдік қонақтардың Қазақстанға туристік бағыт ретінде қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Мәселен, жаз басталғалы Қазақстанға келген шетелдіктер саны 3 есе артты», - деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.