Биыл Астанада 800-ден астам экологиялық шара өтті
Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді
Жыл бойы Астанада 800-ден астам экологиялық іс-шара өтіп, оған 627 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қаланың жасыл желектерін көбейту аясында биыл 1,1 миллионнан астам жасыл желек отырғызылған. Ал «Таза Қазақстан» чат-боты іске қосылғаннан бері шамамен 3 600 өтініш түскен, оның 89%-ы орындалған.