жексенбі, 24 қараша, 2024 6:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

БИЫЛ "АУЫЛ АМАНАТЫ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 4644 КӘСІПКЕРДІ НЕСИЕЛЕНДІРУ КӨЗДЕЛУДЕ

БИЫЛ "АУЫЛ АМАНАТЫ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 4644 КӘСІПКЕРДІ НЕСИЕЛЕНДІРУ КӨЗДЕЛУДЕ
ашық дереккөзі
БИЫЛ "АУЫЛ АМАНАТЫ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 4644 КӘСІПКЕРДІ НЕСИЕЛЕНДІРУ КӨЗДЕЛУДЕ
"2019 жылы Президент қолдап, Үкімет қаржыландырған «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасы бүгінде арнайы бағдарламаға айналып, республика көлемінде «Ауыл Аманаты» атауымен іске асырылуда. 2023 жылы осы жобаға 24 млрд. теңге бөлінді. Оған 26 ауылдық округ қатысады және 4644 кәсіпкерді несиелендіру көзделуде." Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков айтты. Ал, аталған жоба аясынла 2024-2025 жылдарға  республикалық бюджеттен 45,5 млрд. теңге бөлу үшін бюджеттік өтінімдер жолданған. Ол қаржыға 17 мыңға жуық кәсіпкерлерге несие беру көзделуде. Жоба шеңберінде жалпы 630,3 мың тұрғыны бар 153 ауылдық округтегі 109 777 аула  қамтылады. Пилоттық жоба толық іске асырылғанда келесі нәтижелерге  қол жеткізіледі: - 25 мыңнан астам жаңадан жеке кәсіпкерлер тіркеледі; - жылына 3,7 млрд.теңге бюджеттік түсімдер күтіледі; - 7500-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады; - атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 8 мыңнан астам адамға төмендейді; - соның салдарынан бюджеттік үнемдеу жылына 1,0 млрд. теңгені құрайды; - нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар саны 7 мыңнан астам адамға қысқарады; - 165 мыңнан жоғары мал басы сатылып алынады; - 231 мың тонна ет және сүт өнімдері өндіріледі; - үй іргесіндегі егіс көлемі 109 777 аулаға дейін жетіп, 112 мың тонна көкөніс, бақша дақылдары өндірілетін болады; - 798 мың тонна дәнді дақылдар және мал азығы дайындалады. Жалпы айтқанда бүгінде экономиканың негізгі драйверлерінің бірі - ауыл шаруашылығы саласы табиғаты шаруашылыққа қолайлы облысымызда жыл санап алға озып келеді. Осы орайда, алдағы уақытта суармалы алқаптардың аумағын арттыру, заманауи ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу, асыл тұқымды мал санын арттыру, ақылды фермалар мен цифрландырылған өндіріс орындарын ашуға күш жұмсалатын болады,-деді Нұрби Рахметханұлы.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар