Жаңалықтар

Биыл Қазақстанға қанша қандас оралды?

Биыл Қазақстанға қанша қандас оралды?

Жыл басынан бері 8 034 этникалық қазақ тарихи отанымен табысты. Олардың 67,5%-ы – еңбекке қабілетті. Қандастардың жартысы (54,2%) Өзбекстаннан, 20,1% – Қытайдан, 11% – Ресейден, 6,4% – Моңғолиядан, 4,9% – Түрікменстаннан және 3,3% басқа елдерден көшіп келген. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 115,1 мың этникалық қазақ оралды.