Жаңалықтар

Биыл қазақстандықтар 66 мыңнан астам жаңа автомобиль сатып алды

Биыл қазақстандықтар 66 мыңнан астам жаңа автомобиль сатып алды

Биыл қазақстандықтар 66 мыңнан астам жаңа автомобиль сатып алды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Қазақстан Автобизнес қауымдастығының деректеріне сәйкес, екінші ай қатарынан айлық сатылымда рекоррдтық көрсеткіш тіркеліп отыр. Мамырда қазақстандық дилерлер 14 688 жеңіл автомобиль мен коммерциялық техника сатты. Бұл өткен жылдың мамырындағы көрсеткіштен 77,2 пайызға көп», - делінген министрліктің агенттіктің ресми сауалына берген жауабында. 2023 жылдың 5 айында ел тұрғындары 66 331 жаңа жеңіл автомобиль, жүк көлігі мен автобус сатып алды. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 65,8 пайызға жоғары. Сонымен қатар министрлік автомобиль бағасының төмендеуіне ықпал етуі мүмкін факторларды атады. «Қазіргі уақытта жаңа автомобильдер нарығында көлік сатып алуға қатысты түрлі акциялардың іске қосылғаны байқалады. Олар – несиелеу бағдарламасы, акциялар, төлемді кейінге шегеру және тағы басқалары. Автомобиль бағасының өзгеруіне сұраныс пен ұсыныстың құбылуы, экономикалық конъюуктура, нарықтағы бәсеке және басқа да факторлар әсер етуі мүмкін. Нарықтағы жағдай мен автомобиль саласындағы үрдіс уақыт өте келе өзгеруі ықтимал. Оған экономикалық тұрақтылық, тұтынушылық сұраныстың өзгеруі және өзге де сыртқы әсер сынды түрлі фактор ықпал ете алады», - делінген ведомство жауабында.