Жаңалықтар

БИЫЛ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТУҒА БЮДЖЕТТЕН 2,5 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

БИЫЛ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТУҒА БЮДЖЕТТЕН 2,5 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

"Облыста білім саласын қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді. 2022 жылы білім саласына 244,1 млрд теңге қаржы қарастырылса, ағымдағы жылы 284,8 млрд. теңге қаражат бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға артты". Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында айтты. Брифинг барысында Нұржан Сәбитұлы білім нысандарының жағдайын да баяндады:

Сондай-ақ алдағы жылыту маусымына оқу ордаларының дайындығы да айтылды:

Қазіргі таңда, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары мемлекеттік 690 білім беру ұйымында жүргізілуде (оның 224-і балабақша, 446-ы мектеп, 20-сы колледж). Білім беру нысандарының қауіпсіздігіне 1,8 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі күні 690 білім нысандары 100% бейнебақылау камераларымен қамтылды. Өңірдегі ІІ және ІІІ топтағы 365 мемлекеттік білім беру ұйымдардың 328-сі (90%) интеграцияланған, 346-сы (95%) дабыл түймесімен жабдықталған. Мамандандырылған күзет және турникетпен қамтамасыз етілуі қажет ІІІ-топқа жататын 228 білім беру ұйымы (174 мектеп, 45 балабақша, 9 колледж) 100% күзетпен, 207-сі (91%) турникетпен қамтамасыз етілген. Ал,  «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясына келер болсақ,аталған акция ағымдағы жылы 1 тамыздан бастап «Жақсылық жаса!» ұранымен өткізілуде. Акцияны өткізу 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Акция бойынша аудандар мен Тараз қаласында 2023 жылғы 29 шілдеден бастап орталық алаңдар мен саябақтарда, сауда орталықтарында жәрмеңкелер өткізілуде. Мектеп жәрмеңкелерін өткізу 26 тамызға дейін жоспарланды. Акция аясында 2023 жылғы 1-14 тамыз аралығында облыс бойынша 445 рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Сондай-ақ, «Мектепке жол» акциясы аясында 2023 жылдың 1-28 тамыз аралығында жекелеген санаттағы 2130 балаға 68 млн. 377 мың теңгеге демеушілер есебінен көмек көрсетілді. Дені сау ұрпақ – сапалы ұлттың негізі десек, балалардың құнарлы тамақпен қамтылуына барынша ден қою керек! 2023 жылға жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен аз қамтылған отбасынан шыққан 49 137 оқушыны әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 6,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл көрсеткіш мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінген шығындарынан облыс бойынша 6,3% құрайды. Балаларды киім-кешек және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етуге 2022 жылы әр балаға 37 389 теңгеден қарастырылса, ағымдағы жылы әр балаға 40 567 теңгеден бөлініп, ата аналардың жеке шоттарына аударылуда. 1 қыркүйектен бастап барлық 1-4 сынып оқушылары бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады. Оған облыстық бюджеттен 2,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Мектепке дейінгі ұйымдардағы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 11 326 баланы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 425 678,0 мың теңге қарастырылды. Өңірдегі «Мейірім» жобасы аясында 96 мекеме 137 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға әлеуметтік қолдау көрсетуде. Жоба аясында 1331 баланың «Отбасы банкінде» ашылған шоттарына бекітілген мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындар 65 млн. теңгеден астам қаржы аударды. Бұл жобаға қолдау көрсету – жастардың өмірден өз орнын табуға зор септігін тигізері анық.  Облыс әкімінің бірінші орынбасар ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғамға бейімдеу бойынша жұмыстарды да күн тәртібінен түсірмейтіндігін жеткізді.