Жаңалықтар

Биыл ең көп турист барған курорттық аймақ белгілі болды

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл Қазақстанның курорттық аймақтарына келушілер саны 3,8 млн-ға жеткен.

 Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға жоғары. Келушілердің 16,5%-ы шетелдік турист.

Ең көп турист барған курорттық аймақтар:

Алматы тау кластері - 2,2 млн адам;
Щучье-Бурабай - 373,1 мың адам;
Маңғыстау - 308,8 мың адам;
Балқаш - 169,2 мың адам;
Алакөл - 147,1 мың адам.

Айта кетейік, Қазақстанның курорттық аймақтарында қонақтарды қабылдайтын 1876 орын бар.