Биыл ел экономикасының өсімі 3,1% құрады
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«Биылғы қаңтар-тамызда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,1%-ті құрады. Нақты сектордағы өсу 3,3% болды. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,3%-ке өсті.
Салалар арасында құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалау, сауда, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндіру өнеркәсібі оң өсу қарқынын көрсетуде.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқынының 5,7%-ке дейін жеделдеуі байқалады», - деді министр.
Сондай-ақ, ол мемлекеттік басқару мен әлеуметтік қамсыздандыруға бөлінген инвестициялар 2 есе, білім беруге бөлінген инвестициялар 59,1%, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсетуге бөлінген инвестициялар 30,1%, саудаға бөлінген инвестициялар 21,9%, қаржы және сақтандыру қызметіне бөлінген инвестициялар 20,2%, жылжымайтын мүлікпен операцияларға бөлінген инвестициялар 18,8%, құрылыс саласына бөлінген инвестициялар 15,7% өскенін атап өтті.
«Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент, Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалуда», - деді ведомство басшысы.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Таразда тамшылатып суару жүйелерін шығаратын жаңа зауыт іске қосылды
- авторjambylinfo.kz
- 16 қаңтар, 2025
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы тарихи рекордқа жетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 қаңтар, 2025