Жаңалықтар

Биыл еліміз 88,4 млн тонна мұнай өндіреді

Бұл туралы энергетика министрі мәлімдеді.

Қазақстан биыл жыл соңына дейін 88,4 млн тонна мұнай өндіреді. Ал бұған дейін жылдық жоспар 90,3 млн тонна көлемінде болжанған еді. Мұндай мәліметті Мәжілістегі Үкімет сағатында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұдан бөлек, осы жағдайға ОПЕК+ келісімі бойынша міндеттемелердің де әсері бар. Десе де, министр 2026 жылдан бастап еліміз жыл сайын 100 млн тонна мұнай өндіретінін айтты. Бұл жоспар ірі жобаларды орындау есебінен жүзеге асадады.