дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 8:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл елімізде 25 бала қайтыс болған, оның алтауы жақындарының қолынан қаза тапқан

Биыл елімізде 25 бала қайтыс болған, оның алтауы жақындарының қолынан қаза тапқан
ашық дереккөзі
Биыл елімізде 25 бала қайтыс болған, оның алтауы жақындарының қолынан қаза тапқан
Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Балалар омбудсмені Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген балаларға қатысты зорлық-зомбылық, денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту туралы заңнамалық өзгерістер өте маңызды екенін атап өтті. «Мұндай жантүршігерлік жағдайлардың дені ішімдік, ұрып-соғуға байланысты оқиғалармен тікелей байланысты. Тергеу шаралары кезінде 70% жағдайда оқиғаны міндетті түрде әлдекімнің көрген, білген, бірақ ол туралы хабарламаған, жағдайға араласқысы келмеген жайттары анықталып жатады. Осындай жантүршігерлік оқиғалар мен зорлық-зомбылықтың алдын алудың бір жолы – сіз бен біздің араласып, көмектесуіміз», - делінген Д.Зәкиеваның жазбасында.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар