Жаңалықтар

​​Биыл көктемде 18 мыңнан астам азамат әскерге шақырылады

​​Биыл көктемде 18 мыңнан астам азамат әскерге шақырылады

Бүгіннен қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары өз жұмысын бастады. Науқан 1 шілдеге дейін жалғасады. Әскер қатарына 18-27 жас аралығындағы ер азаматтар қарулы күштерге және басқа да әскери құрылымдарға шақырылады. "Азаматтарды хабардар ету дербес шақырту қағазын жолдау арқылы жүзеге асырылады. Шақырту қағазы олардың тұрғылықты мекенжайына немесе жұмыс орнына жеткізіледі. 2021 жылдан бастап SMS-хабарлама жолдау арқылы да хабардар ету жүзеге асырылады", - деді ҚР Қарулы Күштері бас штабы департаментінің бастығы Бауыржан Артықов.