Биыл коронавируспен күреске 100 млрд теңге бөлінді
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавируспен күреске қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат сайтына сілтеме.
«Биылға коронавирус инфекциямен күрес жұмыстарына 100 млрд теңге бөлу жоспарланған. Осы бағытта вакцина сатып алу, науқастарды емдеу, сондай-ақ қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу ескерілген», - деді А. Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде.
Министрдің айтуынша, қазіргі бюджет былтырға қарағанда алты есе төмен екенін нақтылады. Бұдан бұрын хабарланғандай, әлемде сырқаттану деңгейінің өсуімен қатар, Қазақстанда да 20 маусымнан бастап коронавирус инфекциясына шалдығу деңгейі өсті. Сонымен қатар, коронавирус көп таралып жатқан өңірлер белгілі болды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз