Жаңалықтар

Биыл мектеп бітіру кеші қалай өтеді? – БҒМ ұсыныс айтты

Биыл мектеп бітіру кеші қалай өтеді? – БҒМ ұсыныс айтты

Биыл мектеп бітіру кеші қалай өтеді? – БҒМ ұсыныс айтты Биыл эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты түлектердің мектеп бітіру кеші өтеді. Бірақ бұл іс-шараның барлығы мектеп қабырғасында өткізілуі тиіс. Мынадай мәселелерге рұқсат етілмейді: - аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, ақылы әртістерді, мерекелік шараларға жеке студияларды тартуға; - мерекелік дастархандарды ұйымдастыруға; - автокөліктерді жалға алып, қала (аудан) бойынша экскурсиялар өткізуге; - мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін қаражат жинауға; - ойын-сауық мекемелерінде бітіру кештерін ұйымдастыруға.