Жаңалықтар

Биыл оқу жылы 31 мамырға дейін созылады- Министр

Биыл оқу жылы 31 мамырға дейін созылады- Министр

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда оқу жылының 31 мамырға дейін созылуына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.

Министр қазір оқу жылының 36 аптаға созылғанын айтты. Бұл шараның 2018 жылғы PISA нәтижесі бойынша елдегі білім сапасының әлем елдеріне қарағанда жеткіліксіз болуына байланысты қолданылып отырғанын еске салды.