Биыл Таразда өткен жылға қарағанда 2 есе көп жаңа аялдамалар орнатылады
Ағымдағы жылы шахарда 81 мекенжайда 75 аялдаманы тұрғындар игілігіне беру жоспарлануда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz қала әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап
Медиа орталықтың мәліметінше, 2023 жылы қала аумағында 36 дана аялдама орнатылды.
Алайда мемлекеттік сатып алу сайтында біз ТҮКШ бөлімінің басшысы Елдос Кеңесбеков пен серіктестік директоры Әлия Құрбантаева қол қойған "NSN "құрылыс компаниясы" ЖШС-нің орындалған жұмыстары мен шығындарының құны туралы анықтама таптық. «Төлеу» бағанында 7 254 729 теңге сомасы көрсетілген. Бірақ, №050240003228/230194/00 Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қосымшада басқа сома көрсетілген. "Тараз қаласындағы автобус аялдамасының құрылысы" бойынша 1-аялдама бойынша 28 612 932 теңге сомасы тұр.
Дегенменде, бұл мәселе қала әкімі Бақытжан Орынбековтың әр кездесуінде айтылатын басты мәселе.