Жаңалықтар

Биылғы 4 айда машина жасау саласында өндіріс көлемі 36%-ға өсті - Үкімет басшысы

Биылғы 4 айда машина жасау саласында өндіріс көлемі 36%-ға өсті - Үкімет басшысы

Биылғы 4 айда машина жасау саласында өндіріс көлемі 36%-ға өсті - Үкімет басшысы

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XI форумының пленарлық отырысында айтты. Ол машина жасау өнімдеріне Қазақстандағы ішкі сұранысы 23 млрд долларды құрайтынын жеткізді.  “Бүгін оның тек 3,1 млрд доллары ғана отандық өндіріспен қамтылып отыр. Сондықтан импортты алмастырудың есебінен машина жасау өндірісін әрі қарай дамытуға күш салуымыз керек. Біздің алдымызда қолжетімді қаржы құралдарын ұсыну, жаңа технологияларды енгізу, жергілікті құрамын ұлғайту және экспортты ұлғайту арқылы машина жасау кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеті тұр”, - деді Әлихан Смайылов.