Жаңалықтар

Биылғы оқу жылына 88 мың грант бөлінді — вице-министр

Биылғы оқу жылына 88 мың грант бөлінді — вице-министр

Барлық гранттың 60%-ы инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінген. Бакалавриатта оқу үшін 73 мың грант, магистратураға – 13 мың, докторантураға – 1890 грант бөлініп отыр. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтің айтуынша, 2023 жылы өңірлік ЖОО-ларға бөлінетін педагогикалық квота саны артып, 6280 грант бөлінген. Ал «Серпін» бағдарламасы бойынша 3653 грант тағайындалған.