Биылғы жылы өңірдегі 70 елді мекенде 101 жобаны іске асыру жоспарлануда
Биылғы жылы өңірдегі 70 елді мекенде 101 жобаны іске асыру жоспарлануда
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Бейсенқұловтың төрағалығымен партия облыстық филиалы жанындағы «Өңірлік даму» қоғамдық кеңесі, Партиялық бақылау комиссиясы және депутаттық фракциясының бірлескен отырысы өтті.
Онда «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында облыста атқарылып жатқан жұмыстар, партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасының 5 айдағы орындалуы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту салаларындағы көрсеткіштердің және тұрғын үй құрылысына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың іске асу барысы талқыланды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Жауынбекова жоба аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Жоба аясында 2019-2020 жылдары 7 ауданның 29 елді-мекенінде 214 жоба іске асырылып, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, денсаулық сақтау нысандары, білім мекемелері мен мәдениет үйлері ел игілігіне берілген. Бұдан бөлек су құбыры мен көше жарықтары қалпына келтіріліп, 140-қа жуық көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал биылғы жылы өңірдегі 70 елді мекенде 101 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде әлеуметтік нысандар қалпына келтіріліп, елді мекендерде су құбыры желілері жаңартылады және газдандыру жұмыстары жүргізілмек.
Бұдан соң жиында энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және құрылысбасқармалары басшысыларының баяндамалары тыңдалды.
Жиын барысында баяндамашыларға депутаттар сұрақтарын қойылып, жауаптарын алды. Халық қалаулары Қордай ауданындағы бірқатар елді мекені таза сумен қамту және газдандыру, Жуалы ауданындағы мектепті жаңарту, Тараздағы Шөлдала, Құмшағал аумағындағы көшелерді жарықтандыру, сондай-ақ, елдімекендерді интернетпен қамту, білім мекемелеріндегі кәріз жүйесі мен өзге де өзекті мәселелерді көтерді.
Бірлескен отырыс соңында партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жол картасындағы іс-шараларды сапалы орындау керектігін тілге тиек етті.