Жаңалықтар
Биыл Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы техникалары 12 пайызға жаңарады
- авторjambylinfo.kz
- 19 сәуір, 2023
- 225
Биыл Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы техникалары 12 пайызға жаңарады
Биыл Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы техникалары 12 пайызға жаңарады, деп жазады Жамбылинфо Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы аймақта 12 569 ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген. Оның ішінде 4 570 трактордың 1 мыңнан астамының пайдалану мерзімі он жылдан асқан.
Осыған байланысты биыл ауыл шаруашылығы техникаларын 12 пайызға жаңарту арқылы 1508 әр түрлі техника алу көзделген.
Әзірге Жамбыл облысы бойынша барлығы 218 ауыл шаруашылығы техникасы, атап айтсақ, 1 комбайн, 92 трактор, 125 басқа да техникалар алынып, жаңару көлемі 1,7 пайызды құраған.
Жалпы, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту үшін мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді. Яғни, инвестициялық субсидиялау арқылы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған шаруалардың шығындары субсидияланады. Өтеу пайызы 25 пайызды құрайды. Ал, еліміздің аумағында өндірілетін отандық техника 5 пайызға артық субсидияланады, ол 30 пайызды құрайды.
Қазіргі уақытта өңірде ауыл шаруашылығы техникаларын алған 23 агроқұрылымға 253,6 миллион теңге субсидия төленді.
Айта кетейік, бұған дейін біз Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары 6 жылға сотталды деп хабарлаған болатынбыз.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала