Биыл Жамбылда егіс алқабы 760,8 мың гектарға артты
Биыл Жамбылда егіс алқабы 760,8 мың гектарға артты
Биыл Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын егу 760,8 мың гектарға жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,0 мың гектарға артып, 3,5% өсімді көрсетіп отыр. Бүгін ӨКҚ алаңында осылай деген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов алда болатын көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы айтты. Мамандардың айтуынша, 398,3 мың гектарға дәнді және дәнді бұршақты дақылда егіледі. Сонымен қатар, қант қызылшасы 5,0 мың, майлы дақылдар 60,1 мың, көкөніс-бақша дақылдары 54,9 мың гектарға егілмек. Ал 11,5 мың гектарға картоп, 229,5 мың гектарға мал азығы дақылдарын орналастыру жоспарларында. Егіннің жауы – шегірткеге қарсы шаралар да қабылданған. Облыс бойынша биыл үйірлі және саяқ шегірткелерге қарсы жалпы 67 130 гектар алқапқа химиялық өндеу жұмыстары жүргізіледі. «2021 жылдың өніміне жалпы күздік дақылдар 165,5 мың гектарға орналасты. Күздік дақылдардың өсіп-өну көрсеткіші 59,0% жақсы (98,4 мың га), 34,8% орташа (57,7 мың га) 4,6% қанағаттанарлық (7,5 мың га). Өңделуге жататын 432,5 мың гектар егістік жердің, 60,1 мың гектар өңделіп, бүгінде 13,9%-ды құрап отыр. Қосымша көктемгі жер жырту жұмыстары 69,5 мың гектарға жоспарланып, бүгінгі күнге нақты 29,5 мың гектар жыртылып, 42,5%-ды құрады. Сонымен қатар, 28,6 мың гектар жаздық масақты дәнді дақылдар себіліп, жоспардың 13,3 пайызы (жоспар 215,9 мың гектар) орындалды», - Қайрат Аманов. Биылғы көктемгі дала жұмыстарына 7,1 мың данадан астам ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылған. Ал, ел Үкіметі тарапынан облыстың көктемгі науқанға 11,5 мың тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінген. Бүгінгі күнге жоспарланған 5,9 мың тоннаның 5,7 мың тоннасына қаржы аударылып, операторлар тарапынан 4,8 мың тоннасы шаруашылықтарға таратылуда. Оның ішінде 201 шаруашылыққа 1354 тоннасы 158-160 теңгеден беріледі. Айта кетейік, биылғы жылдың өніміне егілетін жаздық дақылдарға қажетті 72,5 мың тонна тұқым толығымен дайын. Оның 8% элита және 62,8 мың тоннасы яғни 86,6% 3 репродукциядан төмен емес. Қазіргі таңда аудандардағы тұқым зертханасына келіп түскен тұқымның көлемі 16,9 мың тоннадан, тексерілгені 16,4 мың тонна. Су тапшылығын азайту мақсатында ағымдағы жылы су үнемдеу технологияларын 40,0 мың гектарға енгізу жоспарлануда. Ал, егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1,035 млрд. теңге бөлінген. Бүгінде 30,0 мың тонна минералды тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығы алқаптарына пайдаланылмақ.