Биыл Жамбылда сот 623 адамға 526 іс үкім шығарған
- авторМағжан Орынбасар
- 4 шілде, 2024
- 581
Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов биыл облыста 623 адамға 526 іс үкім шығарылғанын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Нұрмұхаммат Абидовтың сөзінше, биыл 5 айда апелляциялық тәртіппен 13 адамға қатысты 9 іс бойынша және 3 адамға қатысты кассациялық тәртіппен үкімдердің күші жойылған. Осылайша барлығы 16 адам шығарылған үкімнен арылды.
- 2024 жылдың 5 айында қалалық аудандық соттармен апелляциялық тәртіппен 41 адамға қатысты 28 үкім бойынша және кассациялық тәртіппен 3 адамға қатысты 3 қылмыстық іс бойынша өзгерістер енгізді. Меркі аудандық соты 7 адамға қатысты, Тараз қаласының №2 соты 12 адамға қатысты, Шу және Қордай аудандарының соттары 3 адамнан; Талас, Жамбыл, Сарысу аудандарының соттары 2 адамнан, Байзақ, ювеналды сотының, Рысқұлов және Мойынқұм соттары жол берді аудандық соттар 1 адамның үкімдері өзгертілді,- деді Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов.