Жаңалықтар

Биыл Жамбылда сот 623 адамға 526 іс үкім шығарған

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір төмен

Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер  жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов биыл облыста 623 адамға 526 іс үкім шығарылғанын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Нұрмұхаммат Абидовтың сөзінше,  биыл 5 айда апелляциялық тәртіппен 13 адамға қатысты 9 іс бойынша және 3 адамға қатысты кассациялық тәртіппен үкімдердің күші жойылған. Осылайша барлығы 16 адам шығарылған үкімнен арылды.