дүйсенбі, 16 ақпан, 2026 17:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биылдан бастап өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары күшейтіледі

Биылдан бастап өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары күшейтіледі
Фото: gov.kz
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына енгізілген бірқатар өзгерістер мен толықтырулардың жекелеген нормалары күшіне енеді

Аталған өзгерістер 2025 жылғы 24 маусымдағы № 196-VIII «Азаматтық қорғау, электр энергиясы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен қабылданған.

Заңның 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, қауіпті өндірістік объектілері бар және олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдар өндірістік бақылау қызметін құруға міндетті. Аталған қызмет ұйымның бірінші басшысына тікелей бағынады.

Сонымен қатар, Заңның 39-1-бабына сәйкес, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қауіпті өндірістік объектілерді, қауіпті техникалық құрылғыларды немесе техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін осы бапта көзделген тәртіппен тоқтата тұру не оларға тыйым салу түрінде жедел ықпал ету шараларын қолданады.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 7 қазандағы № 443 бұйрығымен бекітілген «Бұзылуы жедел ықпал ету шараларын қолдануға әкеп соғатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының, сондай-ақ талаптардың нақты бұзылуына қатысты осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып, жедел ықпал ету шарасының нақты түрін айқындайтын тізбесі» келесі сілтеме арқылы қолжетімді:
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2500037082

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеру мемлекеттік бақылау және қадағалау нысандарының тәуелсіздігі, объективтілігі, бейтараптығы және айқындығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

Заңның 39-2-бабы 3-тармағына сәйкес, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

жоспарлы;

берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүргізілетін тексерулер;

жоспардан тыс.

Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы тексеру нәтижелері бойынша акт жасайды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзушылықтары анықталған жағдайда — оларды жою туралы нұсқама, ал жедел ықпал ету шараларын қолдану негіздері болған кезде — өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы акт шығарылады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін бақылау және қадағалау субъектілері Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылықта болады.

Аталған заңнама талаптарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қатаң сақтау қажеттігі назарға алынады.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті

          өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының Салааралық

            бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы

          Нұрғали Заңғар Бақытғалиұлы

    

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар