Жаңалықтар

Біз өзімізді отандық сүт өнімдерімен толық қамтамасыз етуіміз керек - Тоқаев

Біз өзімізді отандық сүт өнімдерімен толық қамтамасыз етуіміз керек - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан өңірінде мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін арттыруға мол мүмкіндік барын атап өтті, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы адал еңбегімен елді көркейтуге, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін ауыл еңбеккерлеріне алғыс айтты. Президент облыс басшылығына жаңа фермаларды іске қосу және қолданыстағы шаруашылықтардың өндірістік қуатын арттыру арқылы сүт өндірісі бағытындағы мал шаруашылығын одан әрі дамыту жөнінде тапсырма берді.  />