«Бізде сатылмайтын не қалды өзі?» Әнарудың адвокаты Тұраровтың былықтары туралы айтты
- авторjambylinfo.kz
- 19 қыркүйек, 2024
- 562
Даулы іске қатысты әлі тергеу жұмысы жалғасып жатыр. Бұл туралы Әнару Қалдыбекқызының адвокаты Лаззат Ахатова мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Адвокат Лаззат Ахатова істің қалай жүріп жатқаны турасында желідегі парақшасына жазды.
«Әнрау Қалдыбекқызы Құрманәлінің Жанқош Тұраровқа қатысты жазған арызы бойынша қозғалған іс туралы біраз журналист хабарласты. Іс аяқталды ма, қалай боп жатыр деп сұрайды. Біраз адамның көкейінде де сол сұрақ шығар. Біршама тоқталайын. Іс аяқталған жоқ. Ешқандай татуласу туралы әңгіме де, ниет те жоқ. Әлі тергеу жұмысы жалғасып жатыр. Нақтысында тергеу органы сараптама қорытындысын күтіп отыр. Осы жерде тағы да ерекше тоқталып өткім келетіні – сараптама тағайындалғанда, тергеу тарапынан өрескел заңсыздықтарға жол берілген – деді ол.
Адвокат бұл істе кінәлі адамдардың көбеюі мүмкін екенін алға тартқан.
«Біріншіден, сараптама дәрігер-проктологтың қатысуынсыз өткізілген. Ондай зорлық жағдайында сараптама міндетті түрде дәрігердің қатысуымен жасалу керек. Екіншіден, сараптама кеш жасалған. Арыз бергеннен бес күннен кейін жасалған. Яғни тергеу тарапынан күдікті (күдікті де емес, куәгер етіп өткізген) жаққа жақтасу, тіпті ҚЫЛМЫСТЫ ЖАСЫРУ орын алған деп есептейміз. Ана жақтың шіреніп жүргені де осы себепті болса керек. Полиция мен ҰҚК-де “плотный” крышалары болса, кім болсын, солай шіренсе керек. Сараптаманы сатып алғандай, сөздері ірі, әйтеуір. Бізде сатылмайтын не қалды өзі?.. Бұл жерде біз барлық вариантқа моральды түрде дайын отырмыз. Сарапшыларды сатылды деуден аулақпын. Өз міндетін адал орындайтын мамандар аз емес қой. Жалпы айтылған сөз – деді Лаззат Ахатова.
Сондай-ақ адвокат істің сонша созылуына Жанқош Тұраровтың 28 қыркүйек күні Алматыда өтетін жекпе-жегі себеп болуы ықтимал екенін жазған.
"Жарысы өтсін деп отыр ма деген де ой бар. Сосын тағы бір айта кететін жайт – істі жүргізіп жатқан тергеуші де, тергеу бөлімінің бастығы да жұмыстан кетіпті. Таяуда. Бұл кездейсоқтық па, сәйкестік пе, түсінбедік. Әзірге айтарым осы. Тергеу құпиясын жарияламау туралы қолхат бергендіктен, көп нәрсе айта алмаймын. Әйтпесе былықтың көкесі шығып жатыр. Мен қазіргі кейбір танымал жастардан (актриса, әнші, блогер дегендерден) шошиын дедім, шын айтсам. Біз қайда кетіп барамыз деп, қанша күннен бері шокта жүрмін. Басқа да қылмыстар анықталып жатыр. Олар да уақытысында айтылар. Мақсатымыз – біреудің айыбын ашу, кедергі жасау емес, кім болса да, жасаған қылмысы үшін, біреудің тағдырымен ойнағаны үшін әділетті жазасын алу керек деген ниет – дейді Лаззат Ахатова.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз