дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 22:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Біздің ауылдың келіндері көрмесін". Келініне 21 миллионның көлігін сыйлаған ата-ене жұртты тәнті етті

"Біздің ауылдың келіндері көрмесін". Келініне 21 миллионның көлігін сыйлаған ата-ене жұртты тәнті етті
ашық дереккөзі
"Біздің ауылдың келіндері көрмесін". Келініне 21 миллионның көлігін сыйлаған ата-ене жұртты тәнті етті
Әлеуметтік желіде келініне көлік сыйлаған отбасының видеосы тарады, - деп хабарлайды Жамбылинфо Massaget.kz-ға сілтеме жасап. Видеода бұл сыйлық тосынсый болғаны көрінеді. "Дүниеге сәби әкелген анаға шапан жабады деген. Эльмира қызымызға жанұямыздың атымыздан, бүкіл туысымыздың атынан сондай шапан жапқымыз келіп жатыр. Бәріміз бір кісідей далаға шығайықшы", - дейді видеода енесі. [video width="480" height="848" mp4="http://jambylinfo.kz/wp-content/uploads/2023/11/whatsapp-video-2023-11-22-at-.21.55.mp4"][/video] Желі қолданушылары керемет көрініске таңданғанын жасырмапты. Арасында әзілдеп пікір білдіргендер де табылды. "Құдай-ай, не деген керемет", "Менің төрт көлігім қайда?", "Біздің ауылдың келіндері көрмесін", "Өте тамаша, керемет, құтты болсын темір тұлпар. Тек жақсылыққа, қуанышқа мінуге Аллам нәсіп етсін", "Мұндай болса жыл сайын туасың ғой", "Үйленбеген баласы жоқ па екен?" - дейді олар. Кадрларда бұл көлік HiPhi Y екені байқалады. Ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, шамамен құны 21 миллион теңге тұрады. [video width="480" height="848" mp4="http://jambylinfo.kz/wp-content/uploads/2023/11/whatsapp-video-2023-11-22-at-.22.12.mp4"][/video]
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар