Жаңалықтар

«Бізді тексерсе, біз де тексереміз». Әшімбаев Ресеймен шекарадағы тексерістер туралы пікір білдірді

«Бізді тексерсе, біз де тексереміз». Әшімбаев Ресеймен шекарадағы тексерістер туралы пікір білдірді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресеймен шекарада ұзақ уақыт тексеріске ұшырап жатқан Қазақстан кәсіпкерлерінің проблемасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Жамбылинфо.

Айта кетейік, бірнеше күннен бері Ресеймен шекарада тұрған қазақ кәсіпкерлері өз тауаларының қатты тексеріліп жатқанын, ол процесс өз кезегінде бизнесті аяқтан шалып отырғанын айтып, мәселе көтеріп жатыр. Әшімбаев бұл ретте Қазақстанның мемлекеттік органдары тез арада шұғыл шаралар қабылдап, кәсіпкерлерге көмек беру керек екенін мәлімдеді.

Сенатордың айтуынша, кәсіпкерлер одан «тура сондай тауарлар Қазақстанға келгенде неге дәл сондай тексерулер дәл сондай деңгейде өтпейтінін» сұраған.

Әшімбаев Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевке осы мәселеге қатысты жедел түрде тиісті шара қабылдау керек екенін айтты.