жұма, 22 қараша, 2024 22:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Бізге бала туып бергісі келетін қыздар көп": "Колобоктың" әйелі жан сырын ақтарды

"Бізге бала туып бергісі келетін қыздар көп": "Колобоктың" әйелі жан сырын ақтарды
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Блогердің айтуынша, ол жолдасының диагнозын үйленбей тұрғанда білген

Белгілі әзілкеш, блогер Елдос Кәдірхановтың  әйелі Таңшолпан Шотаева
"Әсембике” бағдарламасына сұхбат беріп, жеке өмірі туралы сұрақтарға жауап берді, деп жазады Jambylinfo.kz.

Таңшолпан Шотаева жолдасы екеуі бала сүю үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырған. 

“Елдостың диагнозын екеуміз үйленбей тұрған кезде білдім. Ол кезде қатты мән бермедім. Қазір медицина дамыған заманда, ЭКО арқылы да көтеруге болады. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойладым. Кішкентай күнінде отаны сәтсіз жасап, осындай диагнозы пайда болды. ”Үйленгеннен кейін түрлі дәрігерге қаралдық. Түркияға барып, емделіп келдік. Қайта-қайта ота жасады. Нәтижесіз аяқталғанда екеуміз де қатты қиналдық. Бір-бірімізге қолдау білдіріп, келе жатырмыз,- деді ол. 

Instagram желісінде 2 миллионға жуық оқырманы бар блогер оқырмандар тарапынан жеке басына қатысты көп сұрақ пен ұсыныс келіп түсетінін айтқан. 

"Елдостың басын босат. "Мен оған бала туып беремін!" деген сынды түрлі сұрақтар мен ұсыныстар келіп жатады", -деген ол  қазіргі кейбір қыздардың қатыгездігіне қатты  таңқалатынын жасырмаған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар