БІЗГЕ ТЕАТР ТУРАЛЫ ЗАҢ КЕРЕК!
БІЗГЕ ТЕАТР ТУРАЛЫ ЗАҢ КЕРЕК!
«Театр туралы» заң болмаса, саладағы мәселені реттеу мүмкін емес. Заман талабына сай құжат керек. Бүгін «Түскі форматқа» қатысқан М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты, театртанушы Амангелді Мұқан осылай деді. «Тозығы жеткен театр ғимараттарын жөндеп, «Қазақфильмді» жаңа құрылғылармен жабдықтаймыз. Отандық туындылардың әлемдік аренаға шығуына жол ашылады»,-деп уәде берді Мәдениет министрі.