Жаңалықтар

«Бизнесвумен»: Аша Матай өнерді тастап, кәсіпкерлікке бет бұрған ба

Бүгінде ол бірнеше кәсіптің көзін тапқан

Танымал актриса, әнші, тележүргізуші Аша Матай өнерден алыстап, бірнеше кәсіпті игеріп жүр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Аша Матай бұған дейін қыз-келіншектерге арналған киім дүкенін ашса, жақында оның сұлулық салоны халыққа қызмет көрсете бастаған. 

Ал енді Алматының төрінен кондитерлік өнімдер пісіріп сататын, дүкен- кофехана ашқан. 

Өнер иесінің жаңа кәсібін қолдау мақсатында оның туыстары мен достары   түрлі тәттілер алып, көпшілікке жарнамалап жүр.