Жаңалықтар

Боқтасаңыз – 69 мың теңге айыппұл: Заң бүгіннен бастап күшіне енді

Боқтасаңыз – 69 мың теңге айыппұл: Заң бүгіннен бастап күшіне енді

Бүгіннен бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қоғамдық орындарда былапыт сөздер айтқаны үшін жазаны қатайтатын түзетулер күшіне енеді. Айта кетейік, жаңа нұсқада айыппұл 20 АЕК (69 000 теңге), қамауға алу 30 тәулікке дейін белгіленеді. Осындай нормалар Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабына енгізілді. Вице-министрдің айтуынша, бұл – балағат сөз айтқаны үшін енгізілген жалғыз норма емес, сонымен бірге тағы бірнеше норма заңда қарастырылған.