Жаңалықтар

Боксшы Андрей Михайлович Жәнібек Әлімханұлын мазақтап видео түсірді (ВИДЕО)

Ол бұл видеоны желідегі парақшасына жүктеген

Жаңа Зеландиялық кәсіпқой боксшы Андрей Михайлович Жәнібек Әлімханұлын әжуалап, тас жолға оның есімін жазып, видео түсірген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ол түсірген видеодан "Qazaq style-дің" есімі жазылған жазудың үстінде би билеп, отбасымен бейнеролик түсіргенін көруге болады. 

Боксшы видеоның төменгі тұсына бұл бейнероликті түсіру барысында ешбір адам зардап шектегенін жазған. 

Еске салайық, қазақстандық боксшысы мен Жаңа Зеландиялық 14 шілде күні шаршы алаңға шығу тиіс болатын. 

Өкінішке қарай, жерлесіміздің салмақ тастау кезінде денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түскен еді.