Жаңалықтар

Мұхамедсабыр Базарбайұлы олимпиаданың жүлдесіне бір табан жақындай түсті

The final spritzer

Ол Париж төрінде бокстан 63,5 келіде ел намысын қорғап жатыр

Қазақ бокшысы екінші айналымда тайпейлік Лай Чжуэньды жеңіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды, Jambylinfo.kz.

Мұхамедсабыр Базарбайұлына екінші жекпе-жегі оңайға соққан жоқ. 

Жерлесіміз ширек финалға шығу үшін 2022 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Тайпей елінің спортшысы Лай Чжуэньды жарыс жолынан шығарды. 

Екі жекпе-жегін сәтті өткізген Мұхамедсабыр Базарбайұлы  ширек финалда грузиялық Лаша Гурулимен кездеседі. 

Айта кетейік, Лаша Гурули бокстан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері.