Жаңалықтар

Боксшы қыздар халықаралық турнирде Қазақстан қоржынына екі алтын салды

Боксшы қыздар халықаралық турнирде Қазақстан қоржынына екі алтын салды

Испанияда өткен халықаралық Boxam Elite-2024 турнирінде Қазақстанның әйелдер құрамасы екі алтын медальді қанжығасына байлады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. Халықаралық турнир Испанияның Ла-Нусия қаласында өтті. Финалда қазақ қыздары Жазира Орақбаева (52 кг) мен Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Осылайша ел қоржынына екі алтын медаль салды. Айта кетері, ақтық сында Қазақстан намысын барлығы тоғыз боксшы қорғады.