Жаңалықтар

"Бокстан АЧ": 5 баланың анасы жамбылдық Әйгерім Сәттібаева - жартылай финалда

Жерлесіміз ширек финалда филиппиндік Магно Офелияны жеңді

Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жамбылдық боксшы  Әйгерім Сәттібаева (48 кг) жартылай финалға жолдама алды. деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Енді Әйгерім Сәттібаева жартылай финалда өзбек қызы Фарзона Фазиловамен кездеседі.

Айта кетейік, жуырда жамбылдық былғары қолғап шебері Қарағанды қаласында өткен «Мықтылар турнирінде» чемпион атанған еді.

Еске салайық, бұған дейін 67 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатқан Дулат Бекбауов Малайзия елінің боксшысы Мұхаммад Арифф Айманды ойсырата жеңіп, жартылай финалға жолдама алған болатын.