Жаңалықтар

«Болашақ» бағдарламасы: дәрігерлерге жеңілдік жасалады

«Болашақ» бағдарламасы: дәрігерлерге жеңілдік жасалады

«Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқығысы келетін медицина қызметкерлеріне жеңілдік жасалады. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин айтты, деп хабарлады Жамбылинфо  Halyq Uni  сайтына сілтеме жасап. Оның айтуынша, биыл 14 қазанда аталған бағдарлама бойынша құжат қабылдау аяқталды. Өтінімнің басым бөлігі техникалық мамандықтар бойынша түскен.

Олар қазақ тілінен емтихан тапсырғанда нәтижесі В1-ден (ҚазТест сертификаты), ағылшын тілінен 5 балдан (IELTS сертифтикаты, барлығы 9 балл) төмен болмауы керек. Жеңілдігі бар үміткерлердің дипломының орташа балы (GPA) 3-тен кем болмауы шарт.

Басқарма төрағасы алдағы уақытта ауылдан келген үміткерлер үшін жеңілдіктер кеңейтінін атап өтті. «Оларға ағылшын тілінен IELTS емтиханының балы 6,0 балдан 5,0 балға дейін төмендетіледі. Сондай-ақ бір жылдық тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі беріледі», - деді басшы.