Жаңалықтар

«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды

«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды

84 қазақстандық

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Оның ішінде 78-і магистратураға, 6 адам докторантураға түскен. Биыл «Ақпараттық технологиялар мен жүйелер», «Биотехнология. Биоинженерия. Биомедицина. Биохимия», «Көлік технологиялары. Көлік инженериясы. Логистика», «Білім беру саласындағы басқару», «Үлкен деректерді талдау. Салалар бойынша предиктивті талдау» сынды мамандықтар сұранысқа ие болды. Айта кетейік, тағылымдамадан өту үшін құжаттар қабылдау 14 қазанда аяқталады.