Жаңалықтар
«Болашақ» халықаралық стипендиясы және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы иегерлерінің тізімі жарияланды
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- Бүгін, 12:27
- 41
Биыл 225 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленді
«Болашақ» халықаралық стипендиясы және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешіміне сәйкес, биыл 225 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленді.
Сонымен қатар, 57 азамат әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-білім беру орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтсе, тағы 182 қазақстандыққа ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған стипендия берілді.
Грант иегерлерінің толық тізімі «Халықаралық бағдарламалар орталығының» ресми интернет-ресурсында жарияланды.
Келесі мақала





