Жаңалықтар

Болат Ақшолақов қайтадан Kazenergy төрағасы атанды

Болат Ақшолақовтың кандидатурасын KAZENERGY қауымдастығына мүше барлық компаниялар бірауыздан қолдады

Бүгін KAZENERGY қауымдастығының басшылығындағы өзгерістерге байланысты кезектен тыс жиналыс өтті, онда жаңа төраға сайланды. Іс-шараға Қауымдастыққа кіретін компаниялардың басшылары қатысты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мемлекет басшысының кеңесшісі қызметіне тағайындалған Мағзұм Мырзағалиев өз өкілеттігінің аяқталғанын хабарлап, бұл лауазымға Болат Ақшолақовтың кандидатурасын ұсынды.

Айта кетейік, Ақшолақов 2019-2021 жылдар аралығында осы қауымдастықтың атқарушы директоры қызметін атқарған болатын.