Жаңалықтар

Болат Назарбаев 240 гектар болатын 59 жер телімін алған - Мәжіліс депутаты

Болат Назарбаев 240 гектар болатын 59 жер телімін алған - Мәжіліс депутаты

Болат Назарбаев 5 жыл ішінде Қаскелең, Талғар, Нұр-Сұлтан қаласынан жерлерді заңсыз алған. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы кезінде Кеңес төрағасы Ерлан Саиров айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол осы мәселені партия жанынан құрылған кеңес нақтылауы керек екенін айтып, тапсырма берді. «Кеңес аппаратына осы мәселемен айналысуды тапсырамын. Болат Назарбаевпен қатар, Тимур Құлыбаевтың да Қазақстанның әр жерінде иемденіп алған жерлері бар. Соны да тексеру керек»,- деді Мәжіліс депутаты.