дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 4:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Болат Назарбаевқа тиесілі 300 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды

Болат Назарбаевқа тиесілі 300 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды
ашық дереккөзі
Болат Назарбаевқа тиесілі 300 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды
Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы "AMANAT" партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров мәлімдеді, деп хабарлайды Жамбыл инфо Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Болат Назарбаевқа тиесілі жерлердің қайтарылғаны жөніндегі ақпарат партияның ресми сайтында жарияланды. Дерекке сүйенсек, Маңғыстау облысында 239 мың гектар, Жамбыл облысында 60 мың гектар жер қайтарылған.
"Бармақ басты, көз қыстымен" жымқырылған халық ырыздығын қайтару жұмысын жүйелі жүргіземіз. Мәртебелі фамилияға, қалтаңыздың қалыңдығына қарамаймыз. Халықтың меншігіне қол салдыңыз ба? Қайтарасыз. Алмақтың да салмағы бар және ол ауыр,
— деді Ерлан Саиров.
Сондай-ақ, жиын барысында партиялықтар Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйін және партияның сайлауалды уәделерін жүзеге асыру жұмысын қарады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар